USD
USD
USD

Астана мен республикалық маңызы бар қалаларға бірыңғай дизайн-код енгізіледі

Мәжілісмендер елорда мен басқа да республикалық маңызы бар қалаларды дамыту мәселелері бойынша заңнамалық түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады.

Астана
Фото: Астана әкімдігі

Алматы, NEGE. Заң жобасын Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Ұлттық экономика министрлігі әзірлеген. Ол жер қатынастары, сәулет және құрылыс, көші-қон, жарнама, экология және басқа да салалардағы мәселелерді шешуге бағытталған.

Түзету авторларының пікірінше, өзара үйлесімсіз әрі ретсіз орналастырылған сыртқы (визуалды) жарнамалар, маңдайшалар қазіргі уақытта елорда мен басқа да қалалардың әсемдік және сәулеттік келбетіне нұқсан келтіріп тұр. Осыған байланысты республикалық маңызы бар қалалар мен елорданың мәслихаттарының құзыретін кеңейтіп, дизайн-кодты бекіту нормасын енгізу ұсынылады.

Түзетулер аясында ашық кеңістікте аудиожарнама таратуға, сондай-ақ жаяу жүргіншілер жолында, велосипед жолында, автожолдар мен көшелерде сыртқы (визуалды) жарнамаларды орналастыруға тыйым салынады.

Заң жобасын әзірлеушілердің айтуынша, бұл азаматтардың қауіпсіздігі үшін қажет. Осы ретте Жер кодексіне, Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске және тағы 6 заңға өзгеріс енгізіледі.

Қазір оқып жатыр

Бұрын істі болған экс-депутат Жұманғариннің штаттан тыс кеңесшісі болды

Болатбек Әлиев

Ақтаудағы нөсерден кейін әкімдік мердігерді сынға алды

Ақтау

Шымкентте қос мереке: «Ордабасы» ел чемпионы әрі кубок иегері атанды

Ордабасы

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram