USD
USD
USD

Астана мен Алматы көшелеріндегі ақылы жеке тұрақтар жабылады

Депутат Бақытжан Базарбек Facebook-парақшасында Астана мен Алматы көшелеріндегі ақылы жеке тұрақтардың жабылатынын хабарлады.

парковка
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Базарбектің айтуынша, Құрылыс кодексі жобасына енгізілген түзетулерді жұмыс тобы қолдады. Осы өзгеріс арқылы Жер кодексінің 109-бабына өзгеріс енгізіліп, екі қаланың көшелеріндегі ақылы тұрақтар жойылады.

«Алматыда олигархтар арнайы фирмалар арқылы халықтан тұрақ ақысы жинап, қаланың бюджеті миллиардтаған теңгеден айырылғанын барлығы біледі. Кінәлілер сотталды, бірақ жүйе тоқтаған жоқ. Ақылы тұрақтар Алматыда да, Астанада да жұмысын жалғастырды. Халық төлеп жатқанда, біреулер сол ақшамен байып отырды», – дейді депутат.

Базарбектің сөзінше, ақылы тұрақтар ешқандай инвестиция немесе инфрақұрылымдық өзгеріс әкелмеді, тек кейбір адамдардың қалтасын толтырды.

«Біз бұл жүйеге нүкте қоямыз. Дағдарыс кезінде халық есебінен баю – қоғамға қарсы қылмыс. Әділдік қалпына келуі керек. Енді дүйсенбі күні салалық комитеттің соңғы шешімін күтеміз», – деді депутат.

Енді әкімшілік Астана мен Алматыдағы жол бойындағы бос учаскелерді жеке ақылы тұрақтар орналастыру үшін уақытша пайдалануға бере алмайды. Автотұрақтардан түскен барлық қаражат «олигархтардың қалтасына емес», тікелей жергілікті бюджетке түседі.

Қазір оқып жатыр

Мемлекет экс-әкіммен байланысты қоқыс полигонын қайтарып алды

Бағдат Қарасаев

Маңғыстауда төрт бірдей кадрлық ауыс-түйіс болды

Ербол Ізбергенов

Санжар Боқаевтың ісі бойынша сот отырысы кейінге қалды

бокаев

Марқұм сарбаздар мемлекеттік наградаға ұсынылады

Көңіл айту