USD
USD
USD

Астана маңындағы ұшақ апаты: оқиғаның мән-жайы белгілі болды

Астана қаласына жақын орналасқан Жоламан әуеайлағы маңында жеңіл моторлы ұшақ апатқа ұшырап, екі адам қаза тапты. Оқиға бойынша тергеу амалдары басталды. Бұл туралы Көлік полициясы департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ұшақ
Фото: gov.kz

Апат туралы алғашқы ақпарат бүгін түске дейін тарады. Белгілі болғандай, ұшақта екі адам – ұшқыш пен жолаушы – болған. Екеуі де оқиға орнында көз жұмды. Алдын ала болжам бойынша, ұшақ жеке меншікке тиесілі болған.

Оқиғаның нақты себептерін анықтау үшін арнайы тергеу комиссиясы құрылатыны айтылды. Оған авиациялық қауіпсіздік пен көлік саласындағы тиісті мамандар тартылады.

Көлік полициясының хабарлауынша, қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабы 3-бөлігіне сәйкес (теміржол, әуе, теңіз немесе өзен көлігін пайдалану ережелерін бұзу, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкелген жағдайда) сотқа дейінгі тергеу басталды.

«Астана станциясындағы желілік полиция басқармасы аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғады. Ұшақтың апатқа ұшырауына не себеп болғаны анықталу үстінде», – делінген полиция департаментінің ресми мәлімдемесінде.

Аталған бап бойынша кінәлі тұлға 4 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Сонымен қатар, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе қызметпен айналысу құқығынан да айырылуы ықтимал.

Қазір оқып жатыр

Жаңа оқу жылы: Қазақстан мектептеріндегі өзгерістер қандай?

оқушылар

Атырау облысында 12 мың орындық 7 жаңа мектеп пайдалануға берілді

Атырау облысы жаңа оқу жылы

Ресей «Байқоңыр» мен әскери полигондарды жалға алғаны үшін Қазақстанға 64,8 млрд теңге төлейді

«Байқоңыр» кешенін жалдау ақысы

Қазақстандықтарға «неке мерзімін ұзарту» туралы жалған хабарлама тарады

хабарлама