Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Астана маңында су тасқынына қарсы бөгет салынып жатыр

Су тасқынына қарсы іс-шаралар аясында Аршалы ауданының Жібек жолы ауылында су басу қаупі бар үш шағын ауданның тұрғын алабында бөгет салу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Б
Фото: istockphoto.com

Алматы, NEGE. "Бүгінгі таңда жұмыстың жартысынан астамы орындалды. Қорғаныс құрылғысының ұзындығы 6 шақырымнан асады, биіктігі жер бедеріне байланысты 2 метрден 5,3 метрге дейін жетеді. Сонымен қатар, көлік пен мал айдауға арналған үш өткел салынбақ", - делінген облыс әкімдігінің хабарламада.

Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану басқармасының басшысы Джанет Микишевтің айтуынша, құрылыс-монтаж жұмыстары биылғы қазан айында аяқталады. Бірінші кезең – бөгеттің негізгі бөлігін және өткелдерді салу – су тасқыны кезеңіне дейін аяқталмақ. Қазіргі уақытта аумақ бұталардан тазартылып, құнарлы топырақ қабаты алынып, инертті материалдар жеткізілуде.

Жұмысқа 63 техника жұмылдырылған, олардың ішінде самосвалдар, бульдозерлер, катоктар, автогрейдерлер бар.

 Жоба «Демеу Қазақстан қоры» қорының қаражаты есебінен жүзеге асырылуда.

Қазір оқып жатыр

Шабуылдардан кейін Қазақстан мұнайы КҚК терминалы арқылы қайта жөнелтіле бастады

Қазақстан мұнайы

Ең төменгі жалақы, алимент, экология: жеті партия сайлаушылармен нені талқылап жатыр?

сайлауалды науқан

Мемлекет басшысы Астанада жасанды интеллект бойынша IOAI-2026 халықаралық олимпиадасын ашты

IOAI

«Ауылдағы интернет пен қазақстандықтарға арналған ЖИ»: «Әділет» партиясы неге өзін «цифрлы партия» деп көрсетеді

сұхбаттан үзінді