USD
USD
USD

Астана кәсіпкерлер палатасының басшысы өзге адамның ЖСН-і арқылы бәс тікті деген айыптауға жауап берді

Threads әлеуметтік желісінде өзін 2023 жылы Астана қаласы кәсіпкерлер палатасының қазіргі директоры Қанат Әлиннің жеке жүргізушісі болғанын, кәсіпкер оның атынан бәс тіккенін айтқан азаматтың жазбасы жарияланды.

Қанат Әлин
Фото: Қанат Алин/Instagram

Астана, NEGE. Жазба авторының мәлімдеуінше, 2024 жылы Әлин депутаттық сайлау алдында тексеруден өтіп жүргендіктен, одан букмекерлік кеңседе әлгі ер адамның атына аккаунт ашуды сұраған. Кейін сол аккаунт арқылы ірі көлемдегі қаражат айналымы болған көрінеді. Қазір ол бәс тігуге қатысты осы жайттан кейін жұмысқа орналаса алмай жүргенін айтып, көмек сұраған.

Қанат Әлиннің өзі бұл айыпты теріске шығарды. Ол NewTimes.kz басылымына аталған мәлімдемелердің 2023 жылға қатысты екенін, ал Астана қаласы кәсіпкерлер палатасында тек 2024 жылы жұмыс істей бастағанын айтады. Сондай-ақ ешқашан жеке жүргізушісі болмағанын, құмар ойындар ойнамағанын және букмекерлік кеңселерде бәс тікпегенін айтып, өзіне тағылған айыптар шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

Бұған қоса, Әлин полицияға арыз жолдағанын және бұл жағдай туралы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасына хабарлағанын жеткізді.

Қазір оқып жатыр

Ресейде әскери ұшақ құлады: қаза болғандар бар

Ресей ұшақ

$2 млрд-тық жобада заңбұзушылық бар ма? Министрлік НЕГЕ үнсіз қалды?

Энергетика министрлі

Қазақ тіліндегі қателерді азайту үшін 34 сөздік дайындалады

Қарин

Қостанай облысында екі оқушы 10 жастағы баланы зорлаған деген күдікке ілінді: полиция тергеу бастады

сот