USD
USD
USD

Астана – Қарағанды бағытындағы жолаушылар пойызынан өрт шықты

Астана мен Қарағанды арасындағы теміржол учаскесінде жолаушылар пойызы өртенді. Бұл туралы «Қазақстан Теміржолы» ұлттық компаниясы баспасөз қызметі хабарлады.

Жолаушылар пойызы
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Оқиғаның мән-жайы мен зардап шеккендер туралы ақпарат нақтыланып жатыр. Құзырлы органдар оқиғаның себептерін анықтауға кірісті.

«2025 жылдың 22 наурызында, сағат 11:13-те Астана – Қарағанды-Сортировочная учаскесінде «Турксиб Астана» жеке тасымалдаушысының № 44 жолаушылар пойызында өрт шыққаны анықталды. Пойыз Қостанай – Алматы бағытымен жүріп бара жатқан, — делінген «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Өрт шыққан вагон шұғыл түрде құрамнан ажыратылды. Төтенше жағдай орнына Астана станциясынан өрт сөндіру пойызы жіберілді. Өртті теміржол қызметкерлері мен ТЖД мамандары сөндірді.

Қазір оқып жатыр

Спорт министрлігі: «Асаубаеваның дайындығына 2026 жылы 100 млн теңге бөлінді»

Жарасбаев

«Ақ үйде досыңыз бар деп айта аламын»: Тоқаев Трамптың арнайы өкілімен кездесті

Тоқаев

2025 жылға арналған барлық әлеуметтік міндеттеме орындалды – Мәди Такиев

Мәди Такиев

Шахматшы Бибісара Асаубаева Спорт министрлігіне шағымданып Тоқаевтан көмек сұрады

Бибісара Асаубаева