USD
USD
USD

«Астана дәмханаларына ит еті жеткізілген» деген сыбысқа ветеринарлар не дейді?

Ветеринариялық қызмет өкілдері «Астанадағы қоғамдық тамақтану орындарында ит өнімдері жеткізіліп, пайдаланылған» деген ақпараты теріске шығарды.

эвтаназиялау
Фото: Nege

Астана, NEGE. «Астана ветсерис» мекемесінің өкілдері мұндай факт ресми түрде расталмағанын, қалада жануар тектес өнімдерге тұрақты түрде ветеринариялық-санитариялық бақылау жүргізіліп отыратынын хабарлады.

«Бақылау аясында ілеспе құжаттар тексеріліп, жеткізушілерге мониторинг жасалады және азық-түлік қауіпсіздігі талаптарының сақталуы қадағаланады.

Бүгінде ет өнімдерінің заңсыз айналымына немесе Астана қаласындағы қоғамдық тамақтану орындарының қызметіне қатысты заңбұзушылықтарға байланысты деректер анықталған жоқ. Жағдай уәкілетті органдардың тұрақты бақылауында», – делінген ведомство хабарламасында.

Елордалық ветеринарлар ел тұрғындарына тек ресми ақпаратқа сенуге және расталмаған мәліметтерді таратпауға кеңес береді.

Айта кетейік, соңғы күндері желіде «еліміздегі кейбір қоғамдық тамақтану орындарында ит етінен тағам әзірленіп, сатылған» деген ақпарат қызу талқыланып жатыр. Осыған байланысты депутат Абзал Құспан Ішкі істер министрлігіне мән-жайды тексеруді сұрап хат әзірлеп жатқанын мәлімдеді. Бұл ретте депутат ақпарат расталмаған жағдайда елді дүрліктіргені үшін блогерді жауапқа тарту қажет деп есептейді.

Қазір оқып жатыр

Астанада Павлодар облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр

.

Бес күн де шыдамады: Ақ үйдің жаңа баспасөз хатшысы қызметінен кетпек

Трамп

«Министрдің құпиясына хатшысы арқылы қол жеткізу оңай»: Олжас Сәтиев кибертыңшылық туралы

Decaf

«Яндекс» Қазақстанды екінші орынға ысырып қойды ма?

.