USD
USD
USD

«Астана» «Челсиден» жеңіліп қалды

Алматыда өткен УЕФА Конференция лигасының топтық кезеңінің 5-турында елордалық «Астана» лондондық «Челсимен» кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Челси
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Матч 1:3 есебімен қонақтардың пайдасына аяқталды.

Жеңімпаз команда сапында Марк Гиу дубль жасаса, Ренато Вейга бір голдың авторы атанды. Қазақстандық команда қатарында Марин Томасов бір гол соқты.

Еске салайық, бұған дейін елордалық команда сербиялық «ТСЦ Бачка-Тополадан» 1:0 есебімен басым түсіп, португалиялық «Виториямен» (1:1) тең ойнап, Уэльстің «Нью-Сейнтске» 0:2 және кипрлік «Пафосқа» 0:1 есебімен жол берген еді.

Айта кетейік, осы маусымда Конференция лигасында 36 команда өнер көрсетіп жатыр. Жарыстың жаңа ережелеріне сәйкес, үздік сегіз команда 1/8 финалға тікелей жолдама алса, 9-24-орындардағы клубтар қосымша кездесулер өткізеді. Бұл ойындардың жеңімпаздары да 1/8 финалға өтеді.

Елордалық клубтың топтық кезеңдегі соңғы матчы 19 желтоқсанға жоспарланған. «Астана» сырт алаңда кипрлік АПОЭЛ командасымен кездеседі.

Қазір оқып жатыр

ОСИ төрағалары бұрынғы басшыға тәуелді болып қалуы мүмкін – Смышляева

Екатерина Смышляева

Under Armour Қазақстан ұлттық құрамасының жасанды формасын әзірлегендерді анықтауға кірісті

Ұлттық құрама

«Қызғаныштың кесірі»: Жамбыл облысында медицина қызметкері қаза тапты

адам өлімі

Елена Рыбакина алғаш рет әлемнің бірінші ракеткасы атанады

Рыбакина