Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

«Астана» баскетбол клубы жабыла ма? Министрлік түсініктеме берді

Қазақстанның Туризм және спорт министрлігі «Астана» баскетбол клубының жұмысын тоқтатуы мүмкін деген ақпаратқа түсініктеме берді.Қазақстанның Туризм және спорт министрлігі «Астана» баскетбол клубының жұмысын тоқтатуы мүмкін деген ақпаратқа түсініктеме берді.

.
Фото: @astanabasket/Instagram

Астана, NEGE. Министрлік соңғы жылдары клубтың халықаралық аренадағы нәтижелері одан күткен нәтижеге сәйкес келмегенін атап өтті.

Өткен маусымда ВТБ Бірыңғай лигасында «Астана» 44 матчтың екеуінде ғана жеңіске жетіп, турнирді соңғы, 12-орында аяқтады. Жеңіліс көрсеткіші 95 пайыздан асты. Команда соңғы сегіз жыл бойы аталған турнирдің плей-офф кезеңіне шыға алмады.

«Ішкі аренада да «Астана» баскетбол клубы алға қойған мақсаттарына қол жеткізе алмады. Команда Қазақстан Кубогы жолындағы бәсекеде есе жіберіп, Ұлттық лиганың чемпиондық атағын да иелене алмады», – деп атап өтті ведомствоның өкілі.

Министрлік бұған қоса өткен жылы спорт саласын қаржыландырудың тиімділігін арттыруға бағытталған заң қабылданғанын еске салды. Құжатта ұлттық құрамаларды дамытуға және спорт резервін қалыптастыруға басымдық берілген. Сондай-ақ бюджет қаражаты есебінен легионерлерді қаржыландыруға шектеу қойылған.

Қазір Қазақстанда баскетболды дамыту тәсілдері қайта қаралып жатыр. Негізгі басымдық жастар командаларын дамытуға, спорт резервін қалыптастыруға, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдер спортын қолдауға берілмек.

Қазір оқып жатыр

«Әділет» партиясы: Қазақстан – зайырлы мемлекет, ал «Заң және тәртіп» қағидаты баршаға міндетті

.

Грантқа іліге алмағандарға тағы бір мүмкіндік бар

грант

Министрлік мектеп формасына қойылатын жаңа талаптарды түсіндірді

оқушылар

Тойда уағыз айтып, басы дауға қалған ақсақалдың қызы Тоқаевқа үндеу жасады

қылмыстық іс