USD
USD
USD

Астана банкінің бұрынғы акционері Олжас Тоқтаровқа сырттай сот үкімі шықты

«Астана банкі» АҚ директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы және мажоритарлық акционері Олжас Тоқтаров 10 жылға бас бостандығынан айырылды және одан 14 миллиард теңгеден асатын мүлік тәркіленді. 

Олжас Тоқтаров
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Оның айтуынша, биылғы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қылмыстық істері шеңберінде мемлекетке келтірілген залалды өтей отырып, бірқатар сот шешімі өтті. Оның ішінде биылғы 22 сәуірде Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты «Астана банкі» АҚ бұрынғы топ-менеджментіне және қызметкерлеріне қатысты айыптау үкімі жарияланды.

– Сот «Астана банкі» АҚ директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы және мажоритарлық акционері Тоқтаровқа агенттік қызмет көрсету және банкроттыққа дейінгі кезеңге Алматы қаласындағы бизнес-орталық бақылауындағы компанияларының пайдасына заңсыз иеліктен шығару түріндегі банк қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды. Тоқтаров жалпы сомасы 14 миллиард теңгеден асатын тұрғын үй, әкімшілік және өндірістік нысандар, құрылыстар, жер учаскелері, бағалы қағаздар мен криптовалюталар түріндегі мүлкі тәркіленіп, 10 жылға бас бостандығынан айырылды, − деді Д. Бигайдаров Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте өткен брифингіде.

Сондай-ақ оның қарамағындағы Астана банкі АҚ филиал бөлімінің бұрынғы басшылары мен менеджерлері кінәлі деп танылды. Қылмыстық қудалу органдарымен және сотпен ынтымақтастықты, кінәні мойындауды және құқыққа қайшы әрекеттерді ашуға жәрдемдесуді ескере отырып, сот оларға бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза тағайындады.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек