USD
USD
USD

«Астана-Балқаш-Алматы» тас жолы әлі күнге дейін жөнделіп біткен жоқ – Тоқаев

Президент «Астана-Балқаш-Алматы», «Атырау-Астрахань», «Ақтөбе-Қандыағаш», «Талдықорған-Өскемен» жолдарының жөндеу жұмыстарын биыл біржола аяқтауды тапсырды.

Ақорда
Фото: Ақорда

Алматы, NEGE. «Келесі – автожол мәселесі. Еліміз үшін айрықша маңызды «Астана-Балқаш-Алматы» тас жолы әлі күнге дейін жөнделіп біткен жоқ. Құрылыс 2017 жылдан бері жүріп жатыр. Республикалық маңызы бар «Атырау-Астрахань», «Ақтөбе-Қандыағаш», «Талдықорған-Өскемен» жолдарының жөнделіп жатқанына 5 жылдан асты. Биыл осы жұмыстар біржола аяқталуға тиіс. Бұл жерде бірнеше мәселені ескеру қажет.

Қалыптасқан тәжірибеге қарасақ, республикалық маңызы бар жолдардың тендерін көп жағдайда тек шетел компаниялары ұтып алады. Мұндай жобаларға қолынан іс келетін, тиісті техникамен жабдықталған өз кәсіпорындарымызды тарту керек. Сонымен қатар, жол құрылысына қажетті техниканы елімізде шығару жолдарын дамытып, өзіміздің дайын өнімді пайдалану керек.

Жалпы, жол мәселесіне келгенде бір ғана мақсат болуға тиіс. Республикалық немесе аймақтық жол болсын, еліміздегі жолдың бәрі сапалы болуы керек. Әзірге жағдай мәз емес», – деді президент.

Қазір оқып жатыр

Атырауда дрон арқылы химиялық ерітінділер себілуде

дизенфекция

Жамбыл облысында дәрігер қателегінен жүкті әйел баласынан айырылып, мүгедек болып қалған

Жүктілік

Сыра және көлік ақауы: Александр Пак сотта әл-Фарабидегі апатқа қатысты өз нұсқасын айтты

жол апаты

Тоқаев АҚШ пен Иран арасындағы келісімді құптады

Тоқаев