USD
USD
USD

«Астана балет» әртістері Түркия фестивалінде көрермен қошеметіне бөленді

«Астана Балет» театры труппасы Аспендоста (Түркия) өткен XXXI Халықаралық опера және балет фестиваліне қатысты.

Астана балет
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Өнер мерекесі шамамен 2 мың жыл бұрын салынған ежелгі амфитеатрдың сахнасында өтті. Қазіргі кезде театрға 3 мыңға жуық көрермен сияды. «Астана Балет» қойылымына барлық билет бірден сатылып кеткен.

Қазақстандық әртістер көрерменге екі балет қойылымын ұсынды: «Кармен-сюита» (Альберто Алонсо хореографиясы) және «A Fuego Lento»/ «Баяу от» (Рикардо Амаранте хореографиясы).

Спектакльдерге театрдың жетекші солистері Қаламқас Орынбасарова, Сүндет Сұлтанов, Уэсли Карвальо және басқалар қатысты.

Көрермен қауым тек әртістердің кәсібилігі мен техникалық шеберлігін ғана емес, сонымен қатар өнерге адалдығы мен сезімді жеткізе алатын қабілеті үшін де жоғары бағалады.

Қазір оқып жатыр

Әйелдер мен балаларды қорғайтын жобаға не кедергі: депутат екі министрлікке талап қойды

Лариса Ли

Қазақстанда құрылыс талаптарын бұзғандарды лицензиясынан айыруы мүмкін

Құрылыс компаниялары

Қазақстанда жаңа мұнай өңдеу зауыты салынуы мүмкін

Атырау мұнай өңдеу зауыты

«Кемшіліктерді мойындаймыз»: «ҚазАвтоЖол» жол саласындағы мәселелерді атады

Алматы облысы әкімдігі