USD
USD
USD

Астана әуежайындағы рейстердің кешігуіне қатысты түсініктеме берілді

28 маусымнан бастап Астана қаласының әуежайындағы рейстердің кешігуі 3-4 шілдеге жоспарланған Шанхай ұйымының саммитіне дайындық шеңберіндегі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі ұшақтарының дайындық жүргізуіне орай Астана қаласының әуежайындағы әуе кеңістігінің уақытша жабылуымен байланысты болып отыр.

Әуежай
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. «Дайындық мақсатындағы рейстер 30 маусымға дейін сағат 09.25-тен 10.20-ға дейін орындалатын болады. Осыған орай орын алып отырған уақытша шектеулерге түсіністікпен қарауды сұраймыз. Жолаушыларға осы уақыт аралығында әуе компанияларынан ұшу уақытын алдын ала нақтылап алу ұсынылады.

Бұған дейін әуе компаниялары мен Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жолаушыларды алдын ала хабардар ету, сондай-ақ sms хабарламалар мен электрондық хаттарды жіберу арқылы жұмыс жүргізген болатын.

Сонымен бірге әуе кеңістігінің уақытша жабылуына орай болып жатқан кідірістер басқа қалаларда, атап айтқанда Астана және Алматы қалаларындағы рейстердің кешігуіне әкеп соғуы мүмкін екенін атап өткен жөн», – делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Кувейтте ауруханаға түскен қазақстандық бортсерікке консулдық көмек көрсетіліп жатыр – СІМ

Қазақстандық бортсерік

Forbes Kazakhstan сайтына хакерлік шабуыл жасалып жатыр

Арманжан Байтасов

Қазақстандағы үшінші АЭС Қостанай облысында салынуы мүмкін

АЭС

Ақтөбеде генерал-майор мен подполковник сыбайлас жемқорлық күдігімен ұсталды деген ақпарат тарады

Тимур Еспағамбетов