USD
USD
USD

Астана әуежайындағы өрттен кейін рейстер кешігіп жатыр

27 ақпан таңғы 07:50-де Астана халықаралық әуежайының коммутациялық жүйесінен өрт шықты. Өрт сөндірілгенмен, 18 рейс кешігіп жатыр, деп хабарлады әуежайдың баспасөз қызметі.

Астана әуежайы
Фото: ТЖМ

Алматы, NEGE. Астана халықаралық әуежайы ұшып келетін рейстерді қабылдауды тоқтатқан жоқ.

Алайда Астана халықаралық әуежайынан ұшатын 18 рейс кешіктірілуде. Олар:

КС205 Астана-Дубай;

DV702 Астана-Шымкент;

КС 952 Астана-Алматы;

IQ389 Астана-Жезқазған;

КС 7052 Астана –Алматы;

DV783 Астана-Өскемен;

КС 313 Астана-Ақтау;

ТК 357 Астана-Ыстамбұл;

DV 747 Астана-Павлодар;

КС7341 Астана-Қостанай;

DV821 Астана-Пулково;

КС 852 Астана-Алматы;

КС7315 Астана – Қызылорда;

Lo196 Астана-Варшава;

IQ367 Астана- Қостанай;

DV716 Астана-Шымкент;

IQ437 Астана-Петропавл;

КС345 Астана-Өскемен.

"Кешіктірілген рейстердің нақты ұшу уақыты белгісіз. Жағдай тұрақталғаннан соң рейстер қалыпқа келтіріледі. Қолайсыздық үшін жолаушыларымыздан кешірім сұраймыз. Жолаушыларға Астана халықаралық әуежайының әкімшілігі су мен сусын ұсынуда. Алдағы уақытта әкімшілік жолаушыларды жеңіл тағаммен қамтамасыз етеді", - делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Арман Шораев 20 тәулікке қамауға алынды

Арман Шораев

«Діндарларды қорлады»: Баян Алагөзова дін туралы айтқан пікірі үшін кешірім сұрады

Баян Алагөзова

Дастан Сәтпаев уақытша «Челсиге» оралды

Дастан Сәтбаев

Қазақстанда автонесиелеуге сұраныс төмендеген: қаржыгерлер себебін түсіндірді

автонесиелеу