USD
USD
USD

Астана әуежайында ауа райының нашарлауынан ондаған рейс кешіктірілуде

Астана халықаралық әуежайында келу бағытында 7, ұшып шығу бағытында 5 рейс кешіктірілуде.

Астана халықаралық әуежайы
Фото: Астана халықаралық әуежайы

Астана, NEGE. Баспасөз қызметі қазіргі уақытта әуежайдың штаттық режимде жұмыс істеп жатқанын хабарлады.

«Барлық қызмет әуе кемелерін қабылдау және ұшыруды қамтамасыз етуде, перронды тазалау және әуежай инфрақұрылымын күтіп ұстау жұмыстары үздіксіз жүргізілуде», – делінген хабарламада.

Әуежай мәліметінше, келу бағытында 7 рейс кешіктіріліп, Түркістаннан ұшатын 1 рейс тоқтатылған. Бұл рейстердің кешігуі мен тоқтатылу себептерін әуе кемесі ұшып шығатын әуежайлар мен әуе компаниялары анықтайды.

Ұшып шығу бағытында 5 рейс кешіктірілуде.
Кешігудің себептері:
• Шымкент пен Қостанай бағыттары – баратын әуежайлардағы қолайсыз метеожағдайлар;
• Қызылорда, Алматы және Камрань бағыттарындағы рейстер – әуе кемесінің кеш келуі.

Жолаушыларға рейстер жөніндегі ақпаратты әуе компанияларынан нақтылап алуға кеңес берілген.

Қазір оқып жатыр

Спорт министрлігі: «Асаубаеваның дайындығына 2026 жылы 100 млн теңге бөлінді»

Жарасбаев

«Ақ үйде досыңыз бар деп айта аламын»: Тоқаев Трамптың арнайы өкілімен кездесті

Тоқаев

2025 жылға арналған барлық әлеуметтік міндеттеме орындалды – Мәди Такиев

Мәди Такиев

Шахматшы Бибісара Асаубаева Спорт министрлігіне шағымданып Тоқаевтан көмек сұрады

Бибісара Асаубаева