Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Астана әуежайында ауа райының қолайсыздығына байланысты рейстер тоқтатылып жатыр

Әуежайдың баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, қатты желге байланысты Астана әуежайында рейстер тоқтатылды.

Әуежай
Фото: Астана халықаралық әуежайының баспасөз қызметі

Алматы, NEGE. “Астана әуежайының аэродромында 19 м/с жылдамдықпен жел соғып, екпіні 23 м/с жетті. Мұндай ауа райы жағдайлары ұшақтардың ұшуы мен қонуын қиындатады, сондықтан авиакомпаниялар жолаушылар мен экипаждардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдауда”, – делінген мәліметте.

Жоспарланған 72 рейстің жеті ұшып шығу және сегіз ұшып келу рейсі тоқтатылған. Сонымен қатар, алты рейс ұшуға және 12 рейс келуге кейінге қалдырылғаны айтылады.

“Жолаушылар рейстері жайлы мәлімет және кестенің өзгерістері туралы соңғы ақпаратты алу үшін тиісті әуе компанияларына хабарласуы керек. Аэродромды қалың қардан тазарту жұмыстары жалғасуда. Жұмысқа 23 бірлік арнайы техника жұмылдырылған. Ұшулар туралы ақпаратты Астана халықаралық әуежайының ресми сайтынан алуға болады”, – деп қосты баспасөз қызметі.

Қазір оқып жатыр

«Қасқырмен қоректеніп, қабан ұстады»: Үміттің Қазақстандағы алғашқы күндері қалай өтті?

жолбарыс

Ломтадзе Kaspi такси мен тамақ жеткізу сервисін іске қосуға неге асықпайтынын түсіндірді

Михаил Ломтадзе

59 мың сұрақ және жеті партия көшбасшысы: «Басты дебат – 2026» қалай өтті?

дебат

Қарағандыдағы полиция бекетіндегі қыз өлімі: қылмыстық іс сотқа жолданды

ұрлық