Астана әуежайы өкілдері бір рейс тоқтатылғанын ескертті
Астана халықаралық әуежайы өкілдері жолаушыларға рейстердің статусы жөніндегі ақпараттарды алдын ала нақтылауға кеңес берді.
Астана, NEGE. Астана халықаралық әуежайында ауа райына байланысты рейстердің кешігуі тіркелмеген. Дегенмен Талдықорған әуежайындағы қолайсыз метео жағдайларға байланысты бір рейс тоқтатылған.
«Қазіргі таңда Астана халықаралық әуежайы штаттық режимде жұмыс істеп тұр.
Ауа райына байланысты рейстердің кешігуі тіркелген жоқ. Рейс кестесіндегі өзгерістер тек әуе кемелерінің басқа әуежайлардан кешігіп келуіне байланысты болуы мүмкін. Мұндай шешімдерді авиакомпаниялар қабылдайды.Қазіргі уақытта бір рейс тоқтатылды. Бұл шешім Талдықорған әуежайындағы қолайсыз метео жағдайларға байланысты қабылданған. Аталған әуежайда әуе кемесін қабылдау мүмкіндігі уақытша шектелген», – делінген әуежай хабарламасында.
Мамандардың хабарлауынша, әуежайдың барлық қызметі толық көлемде жұмыс істеп тұр, операциялық үдерістер тұрақты түрде қамтамасыз етілуде.
Әуежай өкілдері жолаушыларға рейстердің статусы бойынша өзекті ақпаратты авиакомпаниялардың ресми арналарынан нақтылауға кеңес береді.
Қазір оқып жатыр
Спорт министрлігі: «Асаубаеваның дайындығына 2026 жылы 100 млн теңге бөлінді»
«Ақ үйде досыңыз бар деп айта аламын»: Тоқаев Трамптың арнайы өкілімен кездесті
2025 жылға арналған барлық әлеуметтік міндеттеме орындалды – Мәди Такиев
Шахматшы Бибісара Асаубаева Спорт министрлігіне шағымданып Тоқаевтан көмек сұрады