USD
USD
USD

Астана әуежайы мен вокзалдары күшейтілген жұмыс режиміне көшті

Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитін өткізу кезінде елорда әуежайы күшейтілген режимде жұмыс істейді. 

Астана әуежайы
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Тұрақты рейстердің ұшуы кесте бойынша жоспарланған. Саммитті өткізу кезеңінде жұмысқа сала мамандары мен диспетчерлік құрам тартылды. Жүзден астам қызметкер резерв ретінде жұмылдырылып, елорда әкімдігімен бірлесіп шет тілдерін білетін еріктілер тартылып жатыр. Сондай-ақ Алматы және Қарағанды қалаларында қосымша әуежайлардың дайындығы көзделген.

Елордалық теміржол вокзалдарының дайындығы туралы айта келе, Шанхай ынтымақтастық ұйымын өткізу шеңберінде теміржол бекеттері штаттық режимде жұмыс істейтінін атап өткен орынды. Бүгінгі таңда теміржол көлігі Астана-1 станциясынан 23 бағыт бойынша тәулігіне 11 мыңға жуық жолаушыны, ал «Нұрлы жол» теміржол вокзалы бойынша тәулігіне 8 мың жолаушыны 19 маршрут бойынша тасымалдауда. Вокзалдар кешенді қауіпсіздік жүйелерімен жабдықталған.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Корея президенті генерал Хон Бом Доның сүйегін қайтарғаны үшін Қазақстанға алғыс айтты

 Қасым-Жомарт Тоқаев, Ли Чжэ Мён

Мәслихат төрағасы жиналыс үстінде темекі тартқаны үшін жауапқа тартылды

Қанат Саққұлов

Астананың 55 жастағы тұрғыны әйелін пышақтап, артынша өзіне қол жұмсады

Пышақ жарақаты

Ақтөбедегі «Жайсан» өткізу бекетінде 160 көліктің жиналып қалу себебі айтылды

«Жайсан» өткізу бекетіндегі кептеліс