USD
USD
USD

Астана әуежайы 8,3 миллионыншы жолаушыны қарсы алды

Бүгін Астана халықаралық әуежайы  8,3 миллионыншы жолаушыға қызмет көрсетті. Бұл — Астана әуежайы үшін рекордтық көрсеткіш және тарихи оқиға. 

Астана
Фото: Астана әуежайының баспасөз қызметі

Алматы, NEGE. Әуежайдың баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл жолаушы LO195 рейсімен Варшавадан Астанаға ұшып келген.

«Астана халықаралық әуежайы жылдан-жылға әлемдік авиациялық қоғамдастықта өз маңыздылығын дәлелдеп келе жатыр. 2024 жылы біздің әуежайдан Сеул, Гоа, Фукуок, Пхукет, Абу-Даби, Сиануквилл, Милан, Прага және Минералды Суларға тұрақты рейстер ашылып, жаңартылды. Өткен жылы біз 7,5 миллион жолаушыға қызмет көрсетсек, биыл жолаушылар ағынының өсімі 10% құрап, 8,3 миллионға жетті», — деді әуежай басқарма төрағасы Юсуф Альжавдер.

Астана әуежайынан күн сайын орта есеппен 200-ден астам рейс орындалады. Бұл елорданың туристік және іскерлік бағыт ретінде дамып жатқанын көрсетеді.

Қазір оқып жатыр

Түркістанда ойын алаңында екі әйел төбелес шығарып, бірі дене жарақатын алды

Күдікті әйел

Шарын маңында қарақұйрыққа ұқсас бес жануардың ұшасы табылып, қылмыстық іс қозғалды

Инспекторлар, аңшылар және жануарлар ұшасы

Алматы – Өскемен тас жолын жөндеген мердігер мемлекетке 115 млн теңгеден астам шығын келтірген – прокуратура

жол жөндеу

«Ақталмаймыз»: қызын ернінен сүйіп құттықтады делінген ер адам желіде мәлімдеме жасады

смартфон ұстаған ер адам