USD
USD
USD

Астана әкімдігі қазақстандықтарға үндеу жасады

Өзін әкімдік қызметкері ретінде таныстырған адамдар алаяқтық жасауы мүмкін екенін айтты.

алаяқтар
Фото: depositphotos.com

Алматы, NEGE. Астана қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы өздерін әкімдік қызметкері ретінде таныстырып, алаяқтық жасауы мүмкін қоңырау шалушылар туралы ескертті. 

«Әкімдік қызметкерлері атынан жер учаскесін беру туралы хабарлайтын қоңырауларға назар аудармауыңызды сұраймыз. Күмәнді қоңыраулар немесе хабарламалар алған жағдайда, алаяқтық туралы арызбен Полиция департаментіне жүгіне аласыз», – делінген мекеменің Telegram-арнасында.

Сондай-ақ 2006 жылдың мамыр айынан бастап Астана қаласының аумағында жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін беру тоқтатылғаны, бұл қаланың бос жерлерінің жоқтығымен байланысты екені айтылды.

Әкімдіктің хабарлауынша, 2022 жылдың 1 наурызынан бастап кезекті қарау электронды үкіметтің egov.kz порталында электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы жүзеге асырылады. «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алу (10 сотық) кезегін қарау немесе кезекке қою» қызметі толығымен автоматтандырылғанжәне қазақстандықтар бұл қызметті өздері пайдалана алады.

Қазір оқып жатыр

«Қадірлі бауырым»: Тоқаев Ердоғанмен түскен фотосын жариялады

Ердоған, Тоқаев

Оралда полицей қызметтік міндетін атқару кезінде қыз зорлады деген күдікке ілінді

Маңғыстау

Қазақстаннан шыққан жас актриса Голливудты бағындыруда

Аяжан

115 мың қазақстандық Тоқаевтан жануарларды эвтаназиялау туралы заңға вето қоюды сұрады

Ит