USD
USD
USD

Ассамблеяның мерейтойлық ашылуы өтті

2025 жылғы 1 наурызда Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлық жылының ашылуы және «Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл» республикалық форумы өтті, деп жазды egemen.kz. 

А
Фото: egemen.kz

Алматы, NEGE. Салтанатты іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары - ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов, Парламент депутаттары, Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов, мемлекеттік органдардың, этномәдени бірлестіктер мен ҚХА қоғамдық құрылымдарының басшылары мен өкілдері, Ассамблея ардагерлері, белгілі қоғам қайраткерлері мен сарапшылар қатысты.

Форум аясында еліміздің барлық Достық үйлерінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығымен құттықтауы оқылды. Алғыс айту күніне орай «Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл» ескерткіш тақтасының ашылуы өтті.

Салтанатты іс-шара соңында ҚХА-ның жыл сайынғы «Қайырымдылық керуені» акциясының басталуы жарияланды. Ассамблея ардагерлеріне құрмет көрсетіліп, естелік сыйлықтар табыс етілді, сондай-ақ, «Қазақ еліне мың алғыс» монументіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

Еліміздің барлық өңірлерінде күні бойы ҚХА 30 жылдығына және Алғыс айту күніне арналған челлендждер, фестиваль-көрмелер, концерттер және басқа да іс-шаралар өтті.

Қазір оқып жатыр

Фельдшердің өлімі: сарапшы үйдің фасадының құлауына жобалық қателік себеп болғанын айтты

Вероника Лобаева

Алматыдан Лондонға бет алған Air Astana ұшағы Франкфуртқа қонуға мәжбүр болды

 Air Astana

Шымкентте дрон заңсыз қоқыс төккен КамАЗ жүргізушісін әшкереледі

белгіленбеген орынға қоқыс төккен

ДСМ телеарналар мен әлеуметтік желілерде фастфуд жарнамасын шектеуді ұсынды

жарнама