USD
USD
USD

Ассамблея Үндеу жолдады

Қазақстан халқы Ассамблеясы әлемді жайлаған пандемияға байланысты ел халқына Үндеу жариялады.

Ассамблея Үндеу жолдады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Әлемді жайлаған COVID-19 індеті, өкінішке қарай, біздің елімізде де белең алып, ауруға шалдыққандар саны күрт өсіп отыр. Кісі өлімі көбейіп, арыстай азаматтарымыздың ортамыздан кетіп жатқаны жанымызға батады. Осынау қиын сәтте Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев біздің күшіміз – бірлікте екенін тағы бір мәрте еске салды. Халқымыз басына түскен ауыртпалықты өзінің күш-жігері, ұйымшылдығы, болашаққа деген ұмтылысы арқылы жеңетініне сенім білдірді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 13 шілдені Ұлттық аза тұту күні деп жариялап, орын алған кемшіліктерді жойып, қолға алынуы тиіс шұғыл шараларды атап көрсетті. ҚХА өз кезегінде қазақ еліне қолдау білдіре отырып, карантин талаптарын қатаң сақтауға және туған-туыстарға жанашыр болуға шақырады. Бүгінгі қаралы сәтте жақындарынан айрылған барша отбасылардың қайғыларына ортақтасып, шын жүректен көңіл айтамыз», – делінген Үндеуде.

Қазір оқып жатыр

Жетісу облысындағы Балқаш жағалауында алғашқы коммуналдық жағажайдың құрылысы аяқталды

Жағажай

Оралда 272 млн теңгенің негізсіз жұмсалуына жол берген шенеунік қатаң сөгіс алды

Шенеунік

Алматыда Қырғызстан студенттерін онлайн-казиноның ақша айналымына пайдаланған

Күдікті

«Байлығым, барым, әкімім»: Абай облысының әкімдігі Берік Уәлиді мадақтаған әнді өшіруді талап етті

Берік Уәли