USD
USD
USD

Ассамблея өкілдері Елбасының тезірек сауығуын тіледі

Ассамблея өкілдері Елбасының тезірек сауығуын тілеп, үндеу жолдады.

Ассамблея өкілдері Елбасының тезірек сауығуын тіледі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  "Әлемге таралған коронавирус Сізді де айналып өтпегені туралы жаңалық әрбір қазақстандықтың – ел патриоттарының жүрегінде алаңдаушылық тудырды", - деп жазылған үндеуде.

Өзіңіз бірнеше рет ескерткендей, індет өте қауіпті екені анықталды.

Сәуір айының басында «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты  мақалаңызда Сіз коронавирус инфекциясының салдарынан туындайтын қауіп-қатер жөнінде халықпен ашық әңгімелесіп, «Ұлт денсаулығы мен мемлекет қауіпсіздігі – бір-бірімен етене, егіз ұғымдар. Мемлекет бұл қиындықтан шығу үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды және тиісті шараның барлығын атқарады. Бірде-бір адам,  еліміздің  ешбір азаматы  қамқорлықсыз қалмайды. Біз – біртұтас ел, бірлігі берік жұртпыз. Мен әрқашан халқыммен бірге болғанмын, бұл жолы да сіздермен біргемін. Біз біргеміз. Қиындыққа қайыспай, белімізді бекем буып, береке-бірлігімізден айрылмайық» деп айрықша атап өткен едіңіз.

Бүгінгі таңда Қазақстанның барша азаматтары Сіздің тапсырмаларыңыздың толығымен орындалғанын көріп отыр – азаматтар бұрын-соңды болмаған әлеуметтік қолдау алды.

Президент Қ.Тоқаев пен ел Үкіметі халықты пандемиядан қорғау, ел экономикасы мен азаматтардың әл-ауқатын жан-жақты қолдау жөніндегі ауқымды шаралар кешенін жүзеге асырды.

Осының бәрі халқымыздың сын сағатта Сіздің ерік-жігеріңізге және кемеңгерлігіңізге деген шексіз сенімінің арқасында мүмкін болды.

Ал бүгінде бүкіл ел халқы әр тілде Сіздің сауығып кетуіңізге тілек білдіруде, барлық діндер өкілдері Жаратушыдан Сіздің аурудан айығып кетуіңізді сұрайды.

Біздің азаматтарымыздың Өзіңізге деген ақ тілегі мен жанашырлығы Сізге рухани күш пен сергектік сыйлап, аурудан айығуға көмектеседі деп үміттенеміз!

Сізге толық сауығып кетуді және елдік мұрат жолындағы еңселі істеріңізді жалғастыруды тілейміз!

Қазір оқып жатыр

Санжар Боқаев 10 жылға сотталды

бокаев

Ақтөбеде қайтарылған активтер есебінен салынған 300 орындық арнайы балабақша ашылды

Ақтөбе

Семейде жаңа туған сәбиін қоқыс жәшігіне тастаған әке өмір бойына сотталды

сотталған

Күйеуінің қолынан ажал құшқан астаналық тұрғынның анасы соттың ашық өтуін талап етті

Жазира Адауова