Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Аспаптану ғылымының абызы

Кеше Халықаралық TURKSOY ұйымы және Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ұйымдастыруымен өнер-білім ордасының құрылғанына 75 жыл толуына арналған мерейтойлық шаралар аясында белгілі этноорганолог-ғалым, өнертанушы Болат Сарыбаевтың «Ғалым мұрасы» атты кітабы мен «Болат Сарыбаев және түркі әлеміндегі этноаспаптану мәселелері» атты жинақтың тұсаукесер рәсімі өтті.

Аспаптану ғылымының абызы
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Екі жинақ та Халықаралық TURKSOY ұйымының демеушілігімен Алматы қаласында жарық көрген. Жинақтарды құрастырушы өнертану ғылымдарының кандидаты, профессор Саида Елеманова, өнертану ғылымдарының магистрі Сәуле Боранбаева, өнертанушы Фатима Нұрлыбаева.

Жиынды «Түркі әлемінің ЮНЕСКО-сы» деген атпен танылған, 25 жылдан астам уақыт бойы түркі әлемінің мәдени мұрасын халықаралық деңгейде насихаттап келетін Халықаралық TURKSOY ұйымының Қазақстандағы өкілі Асқар Абдуалиұлы Тұрғанбаев ашып, сөз кезегін Құрманғазы атындағы ҚҰК ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры, өнертану кандидаты Бегембетова Ғалия Зайнақұлқызы алды. Ол Болат Сарыбаевтың қазақ аспаптану ғылымына қосқан ерекше үлесін сөз етсе, ғалымның қарындасы Дина Сарыбай ұйымдастырушыларға алғысын жеткізді.

Болат Шамғалиұлы Сарыбаев (1927-1984) – көрнекті этноаспаптанушы ғалым, қазақ этноаспаптануының негізін қалаушы, қазақтың көне музыкалық аспаптарының тұңғыш рет толық ғылыми сипаттамасын жасап терең зерттеген және оларды қайта жаңғыртып, дыбысталуы мен тартылу әдістерін қалыптастырған тұлға.Ол Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын қобыз класы бойынша бітіріп, халық аспаптар кафедрасында бірнеше жыл қызмет атқарған.

 

 

Қазір оқып жатыр

Жақсылық Сәбитов: Қазіргі тарих оқулықтарында сторителлинг жоқ

Жақсылық Сәбитов

Қазақстанда жаңартылатын энергияның үлесі алты жылда төрт есе өсті

.

Тоқаев қазақстандықтарды Құрылтай сайлауына қатысуға шақырды

Тоқаев

eGov пен мемлекеттік сервистердің уақытша істен шығу себебі айтылды

eGov