USD
USD
USD

Асланбек Шымбергенов қарсыласын нокаутқа түсірді

Таиландтың Пхукет қаласында қаласында өтіп жатқан Thailand Open-2022 турнирінде қазақстандық Асланбек Шымбергенов қарсыласын нокаутқа түсірді.

Асланбек Шымбергенов қарсыласын нокаутқа түсірді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Асланбек Шымбергенов жартылай финалда 69 келі салмақта таиландтық Атичай Фомсаппен қолғап түйістірді. Жекпе-жек екінші раундта қазақстандық боксшының басымдығымен аяқталды.

Ол қарсыласын нокаутқа түсірді. Таиланд боксшысына медициналық көмек көрсетілді. Нәтижесінде Асланбек финалға жолдама алды. Айта кетсек, кешкі сессияда 63 келі салмақта екі қазақстандық Санатәли Төлтаев пен Сұлтан Мусинов кездесті.

Жекпе-жекте Сұлтан Мусинов жеңімпаз атанды. Халықаралық турнирде 91 келіде Нұрбек Оралбай отандасы Сағындық Тоғамбаймен қолғап түйістіріп, финалға жолдама алды. Ал 57 келіде Серік Теміржанов жартылай финалда таиландтық Руджакран Джунтронгты 3:2 есебімен тізе бүктірді.

Қазір оқып жатыр

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер

Н. Төреғалиев: Ақ Жайық өңірі көрші елдердегі қандастармен тұрақты байланыс орнатып келеді

Форум

Алматы әкімдігі билбордтар орнатуға 600-ден астам жер телімін заңсыз берген

Алматы

Күшті әсер ететін заттар Wildberries арқылы арықтауға арналған дәрі ретінде сатылған

күшті әсер ететін дәрілер