Аслан Қасымбаевтың орнына Талғар ауданы әкімі аппаратына жаңа басшы тағайындалды
Нұржан Әбдәлімов Алматы облысы Талғар ауданы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды.
Алматы, NEGE. Бұл туралы Талғар ауданы әкімдігі хабарлады.
Нұржан Диханбекұлы 1988 жылы 10 маусымда дүниеге келген. Білімі жоғары. Қазақ қатынас жолдары университетін кеден ісі мамандығы бойынша бітірген. Сонымен қатар, «Қайнар» академиясында құқықтану магистрі дәрежесін алған.
Еңбек жолы:
– 2011 жылы «Алматы қаласының ақпараттық жүйелер орталығы» КМК-да аға оператор;
– 2011-2015 жылдары Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппаратында кәсіпкерлік пен өнеркәсіпті дамыту жөніндегі бөлімінің маманы;
– 2015 жылы мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы;
– 2015-2018 жылдары кәсіпкерлік пен өнеркәсіпті дамыту бөлімінің басшысы;
– 2018-2019 жылдары мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы;
– 2019-2021 жылдары «АлматыЭлектроТранс» ЖШС-де бөлім басшысы;
– 2023 жылдың сәуірінен бастап бүгінге дейін Талғар ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы қызметін атқарған.
Бұған дейін Талғар ауданы әкімі аппаратының басшысы қызметін Аслан Қасымбаев атқарған болатын. Талғарда 16 жастағы Шерзат Болаттың өлімінен кейін 15 қазанда ол қызметінен босатылды. Желіде Аслан Қасымбаевтың «Хуторские» ұйымдасқан қылмыстық тобының жетекшісі делінген Хасан Қасымбаевтың ағасы екені жазылды.