USD
USD
USD

«Әскерилер өз қауіпсіздігіне сенімді болуы керек»: депутат сарбаздарға геолокациялық құрылғы беруді ұсынды

24 қыркүйекте Каспий теңізінде өткен әскери оқу-жаттығу кезінде әскерилердің қазасынан кейін Құрылтай депутаты Аббат Өрісбаев әскери, арнайы және авариялық-құтқару оқу-жаттығуларына бірыңғай цифрлық қауіпсіздік жүйесін енгізуді ұсынды.

сот үкімі
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Депутаттың айтуынша, оқу-жаттығудың әрбір қатысушысына оның орналасқан жерін нақты уақыт режимінде анықтауға мүмкіндік беретін жеке электронды құрылғы берілуі керек.

«Қатысушының геолокациясын көрсететін арнайы құрылғы берілуі тиіс. Құрылғы адамның нақты орнын анықтап қана қоймай, қауіп төнген жағдайда SOS белгісін жіберуі керек. Адам құлап қалса, ұзақ уақыт қозғалыссыз жатса немесе суға түссе, жүйе автоматты түрде дабыл беруге тиіс», – деді Аббат Өрісбаев.

Депутаттың пікірінше, оқу-жаттығу аумағын дронмен үздіксіз бақылауды, сондай-ақ ауа райы, желдің жылдамдығы, көріну қашықтығы мен теңіздегі толқын туралы ақпаратты жинау міндетін бір орталыққа тапсыру қажет.

Сондай-ақ Өрісбаев әскери қызметшілер мен оқу-жаттығуға қатысушылардың физиологиялық жағдайын бақылайтын құрылғыларды енгізу және әрбір оқу-жаттығу үшін қауіпсіздік паспортын әзірлеу мәселесіне тоқталды.

Оның айтуынша, әскери қызметшілер өз қауіпсіздігіне сенімді болуы тиіс.

«Оқу-жаттығу адам өміріне қауіп төндіретін сынаққа айналмауы керек. Оның басты мақсаты – төтенше жағдайда адам өмірін аман алып қалуға үйрету. Сондықтан қауіпсіздік кез келген оқу міндетінен жоғары тұруы тиіс», – деді депутат.

Еске салсақ, 24 қыркүйекте Каспий теңізінің жағалауында Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде ауа райы күрт нашарлап, 17 әскери қызметші теңізге батып кеткен. Салдарынан 14 әскери қызметші қаза тауып, 3-еуі құтқарылды.

Қазір оқып жатыр

«Соңғы нәтиже сын көтермейді»: Скотт Манн ұлттық құраманың ойынына қатысты үн қатты

Скотт Манн мен Джон ван ’т Схип/kff.kz

Қарашадағы жиналыс. «Алтыналмас» НЕГЕ дайындалып жатыр?

Almas

Отбасы банк қарызды өтеу үшін несие беруді уақытша тоқтатты

Отбасы банк

Қырғызстанның бұрынғы президентінің ұлы 4 жылға сотталды

Қадырбек Атамбаев