USD
USD
USD

Әскери ұшақ Алматы облысына апатты жағдайда қонды

 ҚР қорғаныс министрлігінің әскери ұшағы Жетіген аэродромына аман-есен қонды. Бұл туралы Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел хабарлады.  

Әскери ұшақ Алматы облысына апатты жағдайда қонды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Алдыңғы шассиі ашылмай қалған әскери ұшақ Жетіген аэродромына қонды. Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың тапсырмасы бойынша әуежайға жедел жәрдем қызметі мен құтқарушылар аттанды. Құдай қолдап, олардың көмегі қажет болған жоқ. Ұшақ жер бауырлап барып қонды. Ұшақ жерге қонғанға дейін ұшу-қону алаңына көбік төгілген болатын. Қазіргі уақытта жолаушылар мен ұшақтың экипажы эвакуациялануда», - деді облыс әкімінің баспасөз қызметінің жетекшісі Ғалымұрат Жүкел.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Нұр-Сұлтаннан Ақтөбеге бағыт алған ұшақтың алдыңғы шассиі ашылмай, апатты жағдайда Балқаш қаласына қонатыны туралы хабарлама тараған.

Қазір оқып жатыр

«Грекияда 125 жылға сотталды»: Ақтөбелік ана СІМ-нен көмек сұрады

.

ОПЕК+ құрамындағы жеті ел қыркүйекте мұнай өндіру көлемін арттырады

Мұнай экспорты

Никол Пашинян Армения премьер-министрі қызметіне қайта тағайындалды

.

«Есіктен есікке дейін»: өңірлерде «Әділет» партиясының сайлауалды акциясы өтіп жатыр

.