Әскери қызметкер парашютпен секіріп мерт болды
Алматы облысында жоспарлы оқу-тренерлік шара кезінде әскери қызметкер қайтыс болды.
Алматы, NEGE. Жоспарлы оқу-тренерлік жаттығу парашютпен секіру кезінде Қорғаныс күштерінің әскери қызметкері қайтыс болды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Әскери қызметкер 1990 жылы туған.
Марқұмның басқа жеке деректері туыстарының өтініші бойынша жария етілмейді. Сарбаз бұған дейін 50-ге шуық парашютпен секіру тапсырмаларын орындап, апаттық-құтқару десантшылар тобының мүшесі болған.
Қорғаныс министрлігінің басшылығы мен Қарулы Күштердің жеке құрамы марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтты. Ведомство әскери қызметшінің отбасына тиісті көмек көрсетеді. Оқиғаның мән-жайы әлі анықталуда
Қазір оқып жатыр
Астаналықтар аурухана жанындағы құрылысқа қарсы петиция жариялады
Тоқаев пен Ердоған Мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды
Алматының Наурызбай ауданында ауаның ластануы мөлшерден бірнеше есе асып кеткен
Атырау облысының әкімдігі Индер көлін ерекше қорғалатын аумақтар тізімінен қалай шығартты