USD
USD
USD

Әскери кафедраға түсушілер үшін медкомиссиядан өту мерзімі ұзартылды

Әскери кафедраға түсушілер үшін медициналық комиссиядан өту мерзімі 10 қазанға дейін ұзартылды.

Әскери кафедраға түсушілер үшін медкомиссиядан өту мерзімі ұзартылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Республикалық жоғары оқу орындарында қазіргі таңда 35 әскери кафедра жұмыс істейді. Жыл сайын 6 мыңға жуық запастағы офицер кафедра бітіріп шығады. «Қазіргі уақытта өңірлердегі студенттердің басым бөлігі медициналық куәландырудан өтті. Нұр-Сұлтан қаласында қыркүйек айының алғашқы күндерінен бастап медициналық комиссиядан 1000-нан астам кандидат студент өткен болатын. Жоғары оқу орындарының әскери кафедраларына түсуге ниет білдірушілердің көптеп келуін ескере отырып, республика бойынша медициналық куәландырудан өту мерзімі 2020 жылғы 10 қазанға дейін ұзартылды», - деп хабарлайды Қорғаныс министрлігі.

Еске сала кетейік, Қорғаныс министрлігінің құзыретіне регламенттік рәсімдер кірмейді. Медициналық комиссиялардың орналасқан жері, олардың құрамы мен жұмыс кестесі жергілікті атқарушы органдардың шешімдерімен айқындалған. Әкімдіктердің шешімі бойынша медициналық тексеру күн сайын сағат 14-тен 18-ге дейін жүргізіледі.

Қазір оқып жатыр

NEGE-нің атын жамылған жалған Telegram-арна пайда болды: редакцияның ресми мәлімдемесі

Nege

«Мен оларды танымаймын»: Петропавлдық блогер аза тұту күнінде билегені үшін қамауға алынды

Петропавл тұрғыны

Ресей Қазақстанға 1 млн рубльден артық қолма-қол ақша шығаруға тыйым салды

Рубль

Қазақстандық хирургтар алғаш рет роботтың көмегімен асқазанға күрделі операция жасады

Робот көмегімен ота жасау сәті