USD
USD
USD

Әскери доктринаны қайта әзірлеу жұмысы жүргізілуде

Мемлекет басшысы Жоғарғы Бас қолбасшы Қарулы Күштерді реформалаудың басты міндетін нақтылап, оның мақсаты армияның жауынгерлік әзірлігін арттыру екенін атап өтті. Негізгі қағидат пен тәсіл Ұлттық қауіпсіздік стратегиясында айқындалған, ал реформалау бағыты Қарулы Күштердің құрылысы мен даму тұжырымдамасында жазылған. 

Әскери доктринаны қайта әзірлеу жұмысы жүргізілуде
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «ҚР Қарулы Күштеріне 30 жыл» тақырыбына арналған брифинг барысында ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов мәлімдеді.

Оның айтуынша, әскери доктринаны қайта әзірлеу жұмысы жүргізілуде. 

«Өзара байланысты шаралар кешені Қарулы Күштердің құрамын, әскерді басқару, даярлау жүйесін жетілдіру, техникалық жабдықтауды арттыру, аумақтық қорғанысты,  арнайы операция күштерін, қамтамасыз ету жүйесін, адами капиталды, әскери білім мен ғылымды дамыту, инфрақұрылымдық жобаны іске асыру, жарамсыз оқ-дәріні қауіпсіз сақтау, утилизация мәселесіне арналған», - деді спикер.

Қазір оқып жатыр

Бауыржан Байбектің сағаттарын ұрлады деген күдікпен 31 жастағы ер адам ұсталды

.

Ерлан Қарин вице-президент ретінде немен айналысады

Конституция жобасын талқылау

Мұрат Баймұқашев Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратын басқарады

.

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер