USD
USD
USD

Әскери билет қағаз күйінде болмауы мүмкін

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) кезекті отырысында қорғаныс және ішкі істер салаларындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету үдерісін жеңілдету туралы ұсыныстар талқыланды, – деп хабарлайды ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі.

Әскери билет қағаз күйінде болмауы мүмкін
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл Цифрлық Комиссарлардың қатысуымен өткен алғашқы отырыс. Отырыста әскери билеттердің қағаз нұсқасынан бас тарту, оларды тек соғыс жағдайында ғана беру ұсынылды.

Қалған уақытта әскери билет жергілікті әскери комиссариатта сақталады, ал әскери міндеттілігі туралы хабарлама «электронды үкімет» порталындағы азаматтардың жеке кабинетіне жіберіледі.

«Бұл ұсыныс жүзеге асырылған жағдайда азаматтардан әскери билеттің түпнұсқасы талап етілмейді және бюджеттік шығындарды 100% үнемдеуге мүмкіндік береді. Қажетті деректердің бәрін egov.kz. порталы арқылы Қорғаныс министрлігінің ақпараттық жүйесінен алуға болады. Біз сондай-ақ, азаматтар тұрғылықты жерін ауыстырған кезде оларды әскери есепке автоматты түрде қоюды ұсынамыз. Тіркеу кезінде ақпарат автоматты түрде біздің дерекқорымызға түседі де, біз бірден әскери есепке аламыз. Ол үшін азаматтарға әскери комиссариатқа барудың қажеті жоқ. Жалпы, біз 16 мемлекеттік қызметті бірден автоматтандыруды ұсынамыз», – деп атап өтті ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Тимур Дәндібаев.

Қазір оқып жатыр

Семей қаласында ер адамдар балалардың көзінше арыстандарға тас лақтырған

Семей

Аула темір қақпамен жабылып, көлікке толы болған: Астанадағы өрттің мән-жайы айтылды

Өрт сөндіру

Жанбыршин өзін әлеуметтік желіде сынағандарды Жаңаөзенге шақырды

Депутат

Айды зерттеу – Қазақстан ғылымының жаңа бағыты

Ай