USD
USD
USD

Әскери теңізшілер Қарулы күштердің ардагерін мерейтойымен құттықтады

Алматыда Әскери-теңіз күштерінің әскери қызметшілері 23 тамызда 70 жасқа толған отставкадағы 1-ші дәрежелі капитан Марат Төлекбаевқа барды, деп жазды baq.kz.

Төлекбаев
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысының тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары полковник Жұмабек Хасенов пен Алматы қаласы әкімінің көмекшісі полковник Ержан Рымбеков Марат Әбсаттарұлына көп жылғы қызметі және жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін алғысын білдірді.

"Сіз Әскери-теңіз күштерін құрудың бастауында тұрдыңыз. Әскери-теңіз институтының бастығы кезінде курсанттарға терең білім алуға үлес қостыңыз. Бүгін сіздің шәкірттеріңіз Қарулы күштердің әскери бөлімдері мен бөлімшелерін басқарады", – деді полковник Жұмабек Хасенов. 

Әңгіме барысында мерейтой иесі ұрпақтар сабақтастығын сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Марат Әбсаттарұлының екі атасы Ұлы Отан соғысына қатысып, майданда жараланған.

Адмирал С. Макаров атындағы Тынық мұхиты жоғары әскери-теңіз училищесінің түлегі отставкадағы 1-дәрежелі капитан Марат Төлекбаев қонақтарға шын жүректен алғысын білдірді. Ол Әскери-теңіз күштерінің дамып келе жатқанын және жалпы армияда болып жатқан өзгерістерді қызығушылықпен бақылап отырғанын айтты.

Әскери қызметшілер Марат Әбсаттарұлына алғыс хаттар мен гүл шоқтарын табыстап, ізгі тілектерін білдірді.

Қазір оқып жатыр

Жаңа оқу жылы: Қазақстан мектептеріндегі өзгерістер қандай?

оқушылар

Атырау облысында 12 мың орындық 7 жаңа мектеп пайдалануға берілді

Атырау облысы жаңа оқу жылы

Ресей «Байқоңыр» мен әскери полигондарды жалға алғаны үшін Қазақстанға 64,8 млрд теңге төлейді

«Байқоңыр» кешенін жалдау ақысы

Қазақстандықтарға «неке мерзімін ұзарту» туралы жалған хабарлама тарады

хабарлама