USD
USD
USD

«Әскери-техникалық мүлік тиелген»: Жамбыл облысында үш жүк вагоны аударылған

Желіде Жамбыл облысында пойыз вагондары рельстен шығып кеткені, олардың екеуінде Қорғаныс министрлігінің мүлкі болғаны жөнінде ақпарат тарады.

gov.kz
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. 20 желтоқсанда Жамбыл облысында үш жүк вагоны бір-біріне соқтығысқан.

«Үш вагон да барлық дөңгелек жұбымен рельстен шығып, қапталына аударылды. Пойыздың 40 вагонында тұтқалар мен баспалдақтар зақымданған.

Екі вагонда Қорғаныс министрлігінің әскери-техникалық мүлкі тасымалданған», – деп жазды Telegram-дағы «Письма президенту» арнасы.

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы өкілдерінің мәліметінше, сенбі күні сағат 21:25-те Түрксіб станциясында вагондарды тарату бойынша маневрлік жұмыстар кезінде жөнелтілуі тиіс жүк пойызымен бүйірлік соқтығысу болған.

«Оқиға салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Пойыздар қозғалысында кідірістер болған жоқ. Оқиға басқа құрамдардың жүру кестесіне әсер еткен жоқ.

Қалпына келтіру жұмыстары жедел режимде жүргізілді. Қазіргі уақытта Түрксіб станциясы штаттық режимде жұмыс істеп тұр», – деп хабарлады ҚТЖ өкілдері.

Ал Қорғаныс министрлігі бұл ақпаратқа қатысты әзірге түсініктеме берген жоқ.

Қазір оқып жатыр

84 медаль: Қазақстан Азиадада сегізінші орын алды

Төрехан

Көк-Жайлауда 2 мыңға жуық Шренк шыршасы отырғызылды

.

Томан ауылында алғаш рет балабақша ашылады

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қорғаныс министрлігіндегі ауыс-түйіс жалғасып жатыр

Ақтаудағы сарбаз өлімі