Әскери шеруге байланысты Алматы мен Астана бағытындағы ұшақ рейстерінің кестесі өзгереді
Алматы халықаралық әуежайы Астана қаласы аумағында әуе кеңістігін пайдалану бойынша енгізілетін уақытша шектеулерге байланысты сапарлар кестесінде өзгерістер болатынын мәлімдеді.
Алматы, NEGE. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ресми ақпаратына сәйкес, 2025 жылғы 22 сәуір мен 7 мамыр аралығында сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін әскери шеруге дайындық және оны өткізу мақсатында Астана қаласының әуе кеңістігі уақытша жабылады. Осыған байланысты Алматыдан Астанаға және кері бағыттағы сапарлар кестесінде уақытша өзгерістер болады.
«Жолаушылардан аталған шектеулерді өз сапарларын жоспарлау барысында ескеруді сұраймыз. Рейстері өзгерген жолаушыларға әуекомпаниялар брондау кезінде көрсетілген байланыс деректері арқылы қосымша хабарлайды», – делінген хабарламада.
Сапарлар туралы өзекті ақпаратты әуе компаниялар мен әуежайдың анықтама қызметінен алдын ала нақтылауға болады.
Байланыс нөмірлері:
Алматы халықаралық әуежайының анықтама қызметі:+7 (727) 270 33 33,+7 (727) 270 48 49
Air Astana:+7 (727) 244 44 77,WhatsApp: +7 702 702 00 74
FlyArystan: +7 (727) 331 10 10,WhatsApp: +7 702 702 02 27
SCAT Airlines: +7 (7252) 99 88 80
Qazaq Air:+7 (727) 356 14 14
Қазір оқып жатыр
«Псевдо ұлт деу – артық»: депутат Танакөз ақынның жазбасы жайлы
«Ертең мың адам тағы барады»: Депутат шетелде соғысқан қазақстандықтарға жазаны жеңілдетуге қарсы
Маңғыстаулық Ұлы Отан соғысының ардагері бейбітшілікті бағалап, болашақ үшін дұрыс таңдау жасауға шақырды
Ескертуді елеместен Таяу Шығысқа кеткен қазақстандықтар жауапқа тартыла ма?