USD
USD
USD

Әскери прокурорлардың көмегімен 6 миллиард теңгеден астам мүлік мемлекетке қайтарылды

Биылғы жылы әскери прокуратура органдарының белсенді жұмысының нәтижесінде сомасы 6 миллиард теңгеден астам мүлік мемлекетке қайтарылды.

Қаржы есеп
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Атап айтқанда, Бас әскери прокурордың талабы бойынша Жоғарғы сотпен құны 5 миллиард теңгеден асатын Қорғаныс министрлігінің қорғаныс нысаны қайтарылды.

Алматы қаласында көлемі 16 мың шаршы метрден асатын 10 қоймадан, 2 әкімшілік ғимараттан, 2 өндірістік цехтан тұратын мүліктік кешен 20 жыл бойы жеке тұлғаның сенімгерлік басқаруында болған.

Қазіргі уақытта қайта тіркеу рәсімі жүріп жатыр, одан кейін нысан қорғаныс қажеттіліктері үшін пайдаланылады.

Сондай-ақ, қадағалау актілері бойынша құны 180 миллион теңге болатын 22 жер телімі армияға қайтарылды.

Сонымен қатар, 25 жылдан астам заңсыз иелікте болған, жалпы құны 400 миллион теңгенің 200-ден астам қызметтік пәтер мемлекет балансына қойылып, олар тұрғын үйге мұқтаж әскери қызметшілерге таратылады.

Қазір оқып жатыр

Семейде газгольдер жарылып, өрт екі үйге жайылды

.

Студентті екі аяғынан айырған жол апаты: Арыс әкімінің ұлына қатысты іс тоқтатылғаны мәлім болды

Жол апатында аяғынан айырылған студент

Қасым-Жомарт Тоқаев тілді саясиландырмауға шақырды

Қасым-Жомарт Тоқаев, Наталья Бочарова

TikTok-та мысықтың құлағын тістеп, қинаған 43 жастағы ер адам жазаға тартылды

Жануарды қинаған ер адам