USD
USD
USD

Әскери музыканттар алдағы Жеңіс күніне арнап концерт қойды

Қазақстанның Қарулы күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының шығармашылық ұжымы "Азия парк" сауда ойын-сауық орталығында концерт ұйымдастырды, деп хабарлады қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

күні
Фото: © Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Алматы, NEGE. Әскери қызметшілер оны Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арнады.

"Біз осы шара арқылы отандастарымызға аға буынның ерлігі туралы және сұрапыл соғыста оларға рух беріп, барлық қиындыққа төтеп беруге ынтымақтың көмектескенін еске салғымыз келеді. Бұны біз көрермендерге өнер арқылы жеткізуге тырыстық", – деп түсіндірді Ұлттық әскери-патриоттық орталығы бастығының орынбасары аға лейтенант Азамат Ақтасов.

Орталық ансамбльдің солистері мен вокалдық топтарының орындауында "Әлия", "Журавли", "Тучи в голубом", "Ехал я из Берлина", "Кестелі орамал" және "Сауыт", "Қайсар армия", "Қорғанысым тірегім", "Жаса қазағым" сынды патриоттық әндері орындалды. Тіпті әскерилер "Сарбаздар биін" де билеп, келушілердің көңілін көтерді.

Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың әскери оркестрінің дирижері капитан Нұрлан Қошқаровтың басқаруымен танымал классикалық және заманауи әуендер қойылымын халық қуана қабылдады. Оркестрлердің дефилесі көрермендерді ерекше таң қалдырды.

Қазір оқып жатыр

Астанада кішкентай бала көлікпен дәмханаға соғылды

Көлік апаты

Түркістанда ойын алаңында екі әйел төбелес шығарып, бірі дене жарақатын алды

Күдікті әйел

Шарын маңында қарақұйрыққа ұқсас бес жануардың ұшасы табылып, қылмыстық іс қозғалды

Инспекторлар, аңшылар және жануарлар ұшасы

Алматы – Өскемен тас жолын жөндеген мердігер мемлекетке 115 млн теңгеден астам шығын келтірген – прокуратура

жол жөндеу