USD
USD
USD

Әскери музейде жас суретшілер көрмесі ашылды

ҚР Қарулы күштерінің Мемлекеттік әскери-тарихи музейінде Қазақ ұлттық өнер университетінің колледжі мен көркемсурет факультеті студенттерінің авторлық жұмыстарынан тұратын «Көктемнің лебі» көрмесінің ашылуы өтті, деп жазды baq.kz.

Алматы
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Ұйымдастырушылар көрмені Халықаралық әйелдер күні мен Наурыз мейрамына орайластырып отыр. Студенттер кескіндеме, графика, мүсін, сценография, сәндік-қолданбалы өнер және дизайн секілді өз еңбектерін ұсынды. Мұражайдың атриум залына барлығы 65 жұмыс қойылған. Көрменің тақырыбына сәйкес, олардың бәрі көктемгі түстермен жасалғанын аңғаруға болады.

Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың бастығы Арман Асенов пен Мемлекеттік әскери-тарихи музейдің бастығы Ләззат Әлжан жиналғандарды көрменің ашылуымен құттықтады. Олар жас авторларға шығармашылық жолда сәттілік тілеп, алғыстарын жеткізді.

Біздің Қазақ ұлттық өнер университетімен ынтымақтастығымыз бірінші жыл емес. 2022 жылы Әскери-тарихи музей мен университет арасында меморандум жасалған болатын. Бүгінгі іс-шарамыз сол келісімнің жұмыс істеп тұрғанын көрсетеді, – деп атап өтті Л. Әлжан.

Қазақ ұлттық өнер университеті көркемсурет факультетінің деканы Ғайни Мұхтарова атап өткендей, бұл әскери-тарихи музейдің қолдауымен өткізіліп тұрған үшінші көрме.

Экспозицияда студенттердің семестр бойы орындаған жұмыстары ұсынылып отыр. Біз әскери музей басшылығына өз шығармашылығын кеңінен насихаттауда студенттерді қолдағаны үшін алғыс айтамыз, – деп қосты ол.

Іс-шара барысында студенттер қазақтың ұлттық киімінде дефиле өткізіп, көрерменге концерттік бағдарлама ұсынды.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев

Шымкентте TikTok арқылы жүргізуші куәлігін саудалаған ер адам қамауға алынды

Күдікті

Air Astana басшылығына төленетін төлемдер шамамен 6 млрд теңгеге дейін ұлғайған

AirAstana

Зейнетақының 20 пайызын ұстап қалатыны рас па?

Зейнетақы