USD
USD
USD

«Әскери Құрылыс» АҚ бұрынғы вице-президенті сотталды

2024 жылдың 5 тамызында әскери соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы әскерлерді жайластыру бас басқармасының, «Әскери Құрылыс» АҚ лауазымды тұлғаларына, авторлық, техникалық қадағалау өкілдеріне және басқа да тұлғаларға қатысты үкім шығарды. 

«Әскери Құрылыс» АҚ
Фото: Азаттық радиосы

Алматы, NEGE. «Әскери Құрылыс» АҚ бұрынғы вице-президенті А.Темірбаев, АҚ-нің учаске бастығы Т. Кабултаев, компания басшысы Е. Ибрагимова, Авторлық және техникалық қадағалау өкілдері А. Дощанов және Д. Шайпранов, Қосалқы мердігерлік ұйымның басшысы Г. Газезов және оның сенімді адамы А. Омаров Алматы облысы Сарыөзек гарнизонының әскери қалашығында кәріз-тазарту құрылыстарын күрделі жөндеуге бөлінген 491,6 млн теңгені жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды. Олар мүлкін тәркілеумен және мемлекеттік сатып алуға байланысты қызметпен айналысуға 7 жыл мерзімге тыйым салумен 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

ӘЖББ бастығының бірінші орынбасары Б. Әбдірахманов, күрделі құрылыс басқармасының бастығы Қ. Онлабаев және осы басқарманың офицері Б. Лесбаев немқұрайлылық үшін кінәлі деп танылды.

Үкім заңды күшіне енді.

Қазір оқып жатыр

Кувейтте ауруханаға түскен қазақстандық бортсерікке консулдық көмек көрсетіліп жатыр – СІМ

Қазақстандық бортсерік

Forbes Kazakhstan сайтына хакерлік шабуыл жасалып жатыр

Арманжан Байтасов

Қазақстандағы үшінші АЭС Қостанай облысында салынуы мүмкін

АЭС

Ақтөбеде генерал-майор мен подполковник сыбайлас жемқорлық күдігімен ұсталды деген ақпарат тарады

Тимур Еспағамбетов