USD
USD
USD

Әскери дивизия командирі ірі көлемде есірткі тасымалдап бара жатқан жерінен ұсталды

Сарыөзек әскери гарнизонының дивизия командирі, майор Самат Асанов ірі көлемдегі есірткі тасымалымен ұсталды.

Әскери адам, сарбаз
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Қарағанды облысы Полиция департаменті аталмыш жағдайға қатысты пікір білдірді. 

«10 қарашада «Балқаш-Сарышаған» жолында патрульдік полиция нөмірсіз 31 жастағы жүргізуші басқарған Geely Coolray көлігін тоқтатты. Көлікті тексеру кезінде жүк салғышынан ақ түсті ұнтақ салынған 18 орама табылған. Оның жалпы салмағы 12 келі», делінген хабарламада. 

Көлік тізгінінде № 29108 әскери бөлімнің дивизион командирі болған.

Оған Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 3-ші тармағы (есірткі заттарымен, психотроптық заттармен, олардың аналогтарымен заңсыз жұмыс істеу, сату мақсатынсыз) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Құрлық әскерлерінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 10 қарашада демалыста жүрген Сарыөзек гарнизонындағы әскери бөлімнің әскери қызметшісін Жетісу облысына есірткі тасымалдауы кезінде ҰҚК қызметкерлері ұстаған. Қылмыстық іс қозғалды. Тергеудің объективті өткізілуі мақсатында Құрлық әскерлері құқық қорғау органдарына көмектесіп жатыр. 

Қазір оқып жатыр

Өнеркәсіптен креативті экономикаға дейін: «Әділет» партиясының штабы Атыраудың тұрғындарымен кездесті

.

Ризван Гусейнов: Құрылтай сайлауы Қазақстанның саяси жаңғыруындағы маңызды кезеңге айналады

.

«Самұрық-Қазына» «Қазақстан халқына» қорына 62,2 млрд теңге бөледі

«Самұрық-Қазына»

Алматыда жекеге заңсыз өткен теміржол ауруханасы мемлекетке қайтарылды

Теміржол апаттар медицинасы госпиталі