USD
USD
USD

Әскерге бармағандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады

Биыл күзде әскер қатарына шақырылған 20 мыңнан астам азамат міндетін өтемесе, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Әскери адам, сарбаз
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Қорғаныс министрлігі мерзімді әскери қызметке шақырудың тәртібі туралы мәлімдеме жасады.

«Әскери қызметке шақырылған азаматтар жергілікті әскери басқару органының шақыру комиссиясына келуге міндетті», – деді ҚР Қарулы Күштері Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы департаменті бастығының орынбасары Фархат Айдарбаев.

Шақыру қағазы әскерге баруы керек адамның жеке өзіне немесе жұмысына, оқу орны бойынша ұйым басшыларына қол қойғызу арқылы, болмаса, смс-хабарлама арқылы тапсырылады. Шақыру қағазын азаматтың жеке өзіне тапсыру мүмкін болмаған жағдайда, оның келуін қадағалау тиісті ішкі істер органдарына жүктеледі.

Қазір оқып жатыр

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе

Бірі өсті, бірі шегінді. Қазақстанның сегіз банкі НЕГЕ активінен айырылды?

bank