USD
USD
USD

Әскерден жалтарғандар түрмеге қамалатыны рас па?

Желіде әскерден жалтарған жастардың түрмеге қамалатыны туралы ақпарат тарады.

Күдікті
Фото: pixabay.com

Астана, NEGE. Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов ақпаратқа пікір білдіріп, әскери борышын өтеуден жалтарған жастарға қандай жаза қарастырылғанын айтып берді.

«Әскерден қашқандар болса, деректерді ішкі істер органдарына жібереміз. Содан кейін олар іс қозғайды. Азаматтар алдымен әкімшілік, әрі қарай қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Айыппұл сала ма, бас бостандығынан айыра ма – оны сот шешеді», – деп келтіреді Tizgin.kz Қосановтың сөзін.

Айта кетейік, бұған дейін Nege.kz Қорғаныс министрлігіне қазақстандық жас блогерлер мен әншілердің әскерге бармауына не себеп екенін, оларға қандай да бір жеңілдік берілген-берілмегенін сұрап, сауал жолдаған еді. Министрлік жауабында блогерлерге, әртістерге, кәсіпкерлерге және медиа саласында жұмыс істейтін басқа да азаматтарға әскерге шақыру кезінде арнайы жеңілдіктер немесе ерекше шарттар қарастырылмағанын мәлімдеді.

Қазір оқып жатыр

Астанада Павлодар облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр

.

Бес күн де шыдамады: Ақ үйдің жаңа баспасөз хатшысы қызметінен кетпек

Трамп

«Министрдің құпиясына хатшысы арқылы қол жеткізу оңай»: Олжас Сәтиев кибертыңшылық туралы

Decaf

«Яндекс» Қазақстанды екінші орынға ысырып қойды ма?

.