USD
USD
USD

Әскерде борышын өтеп жүрген сарбаз әлімжеттік көргенін айтты

Алматы облысындағы № 3660 әскери бөлімінің сарбазы әскерде күн сайын соққыға жығылатынын айтып, шағымданды. Сарбаздың әкесі ұлы жарты жылда жүдеп, әлсіреп кеткенін байқаған. Бұл туралы «Азатық радиосы» жазды.

Әскерде борышын өтеп жүрген сарбаз әлімжеттік көргенін айтты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Шымкенттік 20 жастағы Сапархан Қауынбай әскерде әлімжеттік бар екенін айтып, дабыл қақты. Айтуынша, шені жоғарылар оны басынан ұрып, ішінен тебеді.

“6 ай үлкендер жұдырықпен, шынтақпен ұрады. Тәртіп бұзбасақ та еш себепсіз, іштері пысқанда, тиісе бастайды. Айтқанымызды істеп, қорқып жүрсін деп істейді. Аптасына 1 рет дәрігерлер денені тексереді, бірақ басты қарамайды”, – деді сарбаз.

Айтуынша, арада ақша бопсалау да бар. 1000-2000 теңгеден жинап, темекі мен насыбай алғызатын көрінеді.

Сапархан үйіне барған кезде талып қалған. Әкесі оның лезде жүдеп кеткенін байқапты. Осы себеппен дереу әскери бөлімге барып, прокуратураға жолыққан. 

“Бес ай бойы қысым көргенін жасырып, айтпай келді. Намыстанған болса керек. Балам екі ай бұрын 78 кг еді, қазір 67 кг болып қалыпты. Сол үшін “не болды, жасырма” деп айтқыздым. Кінәлілер жазасын алғанын қаладым. Мен ұлымды әскерде таяқ жесін деп емес, Отан алдындағы борышын өтесін деп жібердім. Өзі осы әскерге сұранып барды”, – деді сарбаздың әкесі Ғани Алтаев.

Жігіттің айтуынша, соққыдан соң оның басы ісіп, жаралар пайда болған. Алайда сарбаздар әлімжеттік деректері бойынша ешкімге шағымданбайды екен. Себебі айтып қойса, қысым үдей түсетін болса керек. 

“Шағымдансақ, “тоқылдақ” деп шеттетеді. Олар ұрып-соғуын ұйықтар кезде бастайды. Бәрін ұрып шығады”, – деді Қауынбай. 

Дәрігерлер жігіттің басын томографияға түсірген, ал нәтижесі кейін шығады. Осы жағдайдан соң ол басқа бөлімге ауысты.

“Әскерде ондай теріс қылықтар жоқ, біз ондайға жол бермейміз. Егер рас болса, әскери тергеу басқармасы онымен айналысады, тергейді. Мен өз басым мұндай нәрсе жоқ деймін”, – деді №3660 әскери бөлім командирі Жангелді Әбдіқадыров.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар