USD
USD
USD

Асқар Ұзабаев әзілкеш аруға үйленді

«Ғашық жүрек» және «Вузеры» сынды жастарға арналған белгілі телетуындылардың режиссері  Алматыдағы мейрамханалардың бірінде дүркіретіп тойын өткізді.

Асқар Ұзабаев әзілкеш аруға үйленді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Кешке бірнеше өнер өкілдері мен киногерлер қатысып, жұбайларға баянды бақыт тіледі. Ұзабаев ұзаққа бармай, қалыңдығын өзі жүрген шығармашылық ортадан тапқан. Яғни, танымал актердің таңдауы белгілі  стэндапер Сәуле Юуповаға түскен. Келіннің бетін танымал актер Әсет Иманғалиев ашты.

Тойдың қалай өткені Баян Мақсатқызына  ерекше ұнаса керек, продюсер желідегі жеке парақшасына «Сендер тамаша жұпсыңдар. Бір-бірлеріңді адаспай тапқандарыңа қуаныштымын. Махаббаттың керемет кеші үшін мың алғыс!» - деп жазды.

Ұзабаев бұған дейін Мақсатқызының продюсерлігімен түсірілген «Бақыт», «Осторожно корова!» сынды  фильмдерге режиссерлік жасаған. Тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесін көтерген «Бақыт» туындысы халықаралық  72-ші Берлин фестивалінің «Панорама» секциясына еніп, үздік деп танылған еді.

 

Қазір оқып жатыр

Полициядан қашқан жүргізуші автобуспен соқтығысып, қаза тапты

Қостанай ПД

«Ордабасы» ҚПЛ жеңімпазы атанды

Ордабасы

«Тентек» шахтасы кейінгі он жылда алғаш рет миллион тонна көмір өндірді

.

Qarmet пен Allur 500 жасты жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр

Qarmet