USD
USD
USD

Асқар Мамин «Роскосмос» басшысымен кездесті

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапары барысында Қызылорда облысының Байқоңыр қаласының әлеуметтік-экономикалық даму барысымен танысты.

Асқар Мамин «Роскосмос» басшысымен кездесті
Фото: NEGE.kz

Алматы,NEGE. Сондай-ақ Үкімет басшысы қаладағы ғарыш саласындағы бірлескен қазақстандық-ресейлік жобалардың іске асырылуын көрді, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің ресми сайты.

Үкімет басшысына қаланы газдандыру және сумен жабдықтау, туристік инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ Байқоңыр қаласында «Байқоңыр» АЭА құру жұмыстарының жүргізілу барысы туралы баяндалды.

«Союз МС-18» басқарылатын кораблінің ұшырылуын және оның Халықаралық ғарыш станциясымен түйісуін бірлесіп бақылағаннан кейін Үкімет басшысы «Роскосмос» ғарыш қызметі мемлекеттік корпорациясының бас директоры Дмитрий Рогозинмен ғарыш саласындағы Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының өзекті мәселелерін талқылады.

Премьер-Министр адамның ғарышқа алғаш ұшуының 60 жылдығына арналған конференцияның пленарлық отырысына қатысты. Үкімет басшысы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шараға қатысушыларға арнаған сөзін оқып берді.

«Міне, 65 жыл бойы әлемдегі ең ірі ғарыш айлағы болып келген Байқоңыр ғарыш айлағынан 150 ғарышкер кең байтақ ғаламды игерді. Олардың қатарында қазақстандық ғарышкерлер Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев және Айдын Айымбетов бар. Қазақстан мен Ресейдің одан әрі белсенді және жемісті ынтымақтастығы ғарыштық зерттеулер мен басқарылатын ұшулар саласындағы бірлескен жобалар мен бағдарламаларды іске асыруға ықпал ететініне сенімдімін», — деді А. Мамин.

Қазір оқып жатыр

Астанада сатып алушыларды 128 млн теңгеге алдаған автосалон директоры сотталды

Автосалондағы клиент пен сатушы

AI & Digital Bridge форумына бюджеттен бір теңге де жұмсалған жоқ – вице-министр

AI & Digital Bridge 2026

Астанада тұрақта тұрған бес көлік өртеніп кетті

Өртке оранған автокөлік

ШҚО-да алтынды заңсыз өндіруді ұйымдастырған шенеунік 4 жылға сотталды

блогер соты