USD
USD
USD

Асқар Мамин Мақтаарал ауданындағы қалпына келтіру жұмыстарын тексерді

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Түркістан облысына жұмыс сапары аясында Мақтаарал ауданындағы қалпына келтіру жұмыстарының барысын, сондай-ақ Түркістан қаласында инфрақұрылымның салынуын тексерді. Бұл туралы Үкімет басшысының баспасөз қызметі хабарлайды.

Асқар Мамин Мақтаарал ауданындағы қалпына келтіру жұмыстарын тексерді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мақтаарал ауданында Асқар Мамин тұрғындармен кездесулер өткізіп, Нұрлыжол және Өргебас ауылдарындағы қираған тұрғын үйлерді қалпына келтіру жұмыстарының барысымен, сондай-ақ Мырзакент ауылында су тасқыны салдарынан зардап шеккен Жеңіс, Жаңатұрмыс, Достық елді мекендерінен 500 отбасыға арналған жаңа шағын ауданның құрылысымен танысты. Түркістан қаласында Премьер- Министр жаңбырлатып суару технологиясын енгізумен ауыл шаруашылығындағы ирригация желілерін жаңғырту және тұрғындарды ауыз сумен қамту жұмыстарымен танысты. Үкімет басшысы Түркістан қаласындағы жетекші ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің егіс алқаптарын, материалдық-техникалық базасы мен өнімдерін көріп, жергілікті фермелермен кездесуде өңірдегі агроөнеркәсіп бизнесін одан әрі дамыту бойынша жоспарды талқылады. Премьер-Министр Түркістан қаласындағы көлік, әкімшілік, әлеуметтік-мәдени және туристік инфрақұрылым нысандарын салу жұмыстарының барысын тексерді.

Қазір оқып жатыр

Air Astana ұшақтары Дубайға сәуірдің аяғына дейін ұшпайтын болды

Air Astana

Түркістан облысында қарт әкесін ұрып-соққан ер адамның жазасы қатаңдатылды

Әкесін ұрып-соққан

Алматыда бірнеше қылмысты жасырып қалған тергеуші сотталды

тергеуші

«Тоқтайтын түрі жоқ»: Депутат Алматыдағы апаттан кейін жазаны күшейтуді талап етті

мұрат әбен