USD
USD
USD

Асқар Мамин қазақстандық құрылысшыларды кәсіби мерекесімен құттықтады

 ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандық құрылысшыларды кәсіби мерекесімен құттықтады.

Асқар Мамин қазақстандық құрылысшыларды кәсіби мерекесімен құттықтады
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE.  Құрметті құрылыс саласының қызметкерлері! Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Құрылысшылар күнімен құттықтаймын. Сіздердің мамандықтарыңыз қоғам өміріндегі ең құрметті және аса сұранысқа ие мамандық. Сіздер өнеркәсіптік және әлеуметтік нысандар, тұрғын үйлер салып, еліміздің инженерлік және көлік инфрақұрылымын дамытуға зор үлестеріңізді қосып келесіздер. Сіздердің қажырлы еңбектеріңіз тұрмыс сапасын арттыруға және барлық қазақстандықтың жарқын болашағын қамтамасыз етуге жол ашады.

құрылыс секторы экономиканың негізгі драйверлерінің бірі. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының ауқымды міндеттерін жүзеге асыру сіздердің кәсіби шеберліктеріңіз бен өз істеріңізге деген сүйіспеншіліктеріңізге байланысты. Ерен еңбектеріңіз үшін шынайы ризашылығымды білдіремін. Құрылыс саласының барлық қызметкеріне зор денсаулық, шаңырақтарына шаттық, еңбектеріне толағай табыс тілеймін!

Қазір оқып жатыр

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты

Атырау облысында ірі қара мал қырылып жатыр: шаруалар дабыл қақты

Ірі қара қырылуы

Қостанайда 5 жасар баланы өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды

Бала