Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Мамин карантин шараларын алып тастау жоспарын мемлекеттік комиссия қарауына енгізуді тапсырды

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин еліміздің Денсаулық сақтау министрлігіне карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастау жоспарын мемлекеттік комиссия қарауына бейсенбі күні енгізуді тапырды.

Мамин карантин шараларын алып тастау жоспарын мемлекеттік комиссия қарауына енгізуді тапсырды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Жалпы қабылданған кешенді шаралардың нәтижесінде еліміздегі коронавирустың таралуы деңгейі және осыған байланысты барлық көрсеткіштер қарқынды төмендеуі тіркеліп отыр. Соның ішінде вирустық репродуктивтілік деңгейінің орташа көрсеткіші 0,82 пайызға дейін төмендеді. Емделіп шыққандардың үлесі 73,6 пайызды құрап отыр. Қалғандары қажетті ем алып жатыр», - деді Асқар Мамин Үкімет отырысында.

Премьер-Министрдің атап өтуінше, ауруханалардың жүктемесі 61 және жедел жәрдем шақыру 62 пайызға төмендеген.

«Осы нәтижелер қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін көрсетеді. Қалыптастып отырған эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып Денсаулық сақтау министрлігіне карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастау жоспарын мемлекеттік комиссия қарауына бейсенбі күні енгізуді тапсырамын», - деді Үкімет басшысы.

Қазір оқып жатыр

Тойда уағыз айтып, басы дауға қалған ақсақалдың қызы Тоқаевқа үндеу жасады

қылмыстық іс

«Ресейден жеткізілген»: Алматыда жалған көлік нөмірлерін сатқан тұрғын ұсталды

жалған нөмірлер

ЕҮАК отырысында электрондық сауда туралы келісімге қол қойылды

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы

Алматыдағы «Байсат» базары аукционда 24,7 млрд теңгеге сатылды

Байсат