USD
USD
USD

Асқар Мамин халықты Тұңғыш Президент күнімен құттықтады

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтады, деп хабарлайды primeminister.kz.

Асқар Мамин халықты Тұңғыш Президент күнімен құттықтады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Тәуелсіздіктің 30 жылында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси реформалардың уақытылы әрі тиімді жүзеге асырылуының арқасында Қазақстан өзінің даму жолында елеулі серпіліс жасады.

Бүгінгі таңда Қазақстан – экономикасы қуатты, Конституциясы озық, тиімді билік институттары бар, мемлекеттік шекарасы толықтай халықаралық тұрғыда ресімделген орнықты және прогрессивті мемлекет ретінде қалыптасты деп нық сеніммен айтуға болады», делінген құттықтауда.

Асқар Маминнің айтуынша, аймақтың заманауи экономикалық, әлеуметтік және мәдени орталығына айналған Нұр-Сұлтан қаласы бой көтерді.

«Елбасы экономиканың одан әрі тұрақты өсуін қамтамасыз етуге және халықтың тұрмыс сапасын арттыруға жол ашатын Қазақстан дамуының жаңа кезеңінің іргетасын қалап, стратегиялық бағытын айқындады. Барлық қазақстандыққа зор денсаулық, татулық пен амандық тілеймін!»,- деді ҚР Премьер-Министрі.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе