Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Асқар Мамин даңқты спортшының туыстарына көңіл айтты

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин даңқты спортшы, Олимпиада чемпионы, Қазақстанның Еңбек Ері Жақсылық Үшкемпіровтің қайтыс болуына байланысты туған-туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды primeminister.kz.

Асқар Мамин даңқты спортшының туыстарына көңіл айтты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Грек-рим күресі бойынша қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы, Қазақстанның Еңбек Ері, отандық спорттың және еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына өлшеусіз үлес қосқан көрнекті тұлға Жақсылық Әмірәліұлы Үшкемпіровтің мезгілсіз қайтыс болуына байланысты Сіздерге орны толмас ауыр қайғыларыңызға ортақтасып көңіл айтамын. Аты аңызға айналған Жақсылық Әмірәліұлы кәсіпқой қазақ күресін нығайтумен бірге, іскер басшы, білікті ұйымдастырушы ретінде бар саналы ғұмырын ауыл шаруашылығын нығайтуға, кәсіпкерлік саласын өркендетуге арнады. Жақсылық Әмірәліұлы өзіне тән адамгершілік қасиеттері мен қайырымдылық істері арқылы әрдайым халқының сый-құрметіне бөленді. Асыл азаматтың жарқын бейнесі әлемдік спорт тарихындағы өшпес ғұмыр жолы мен бағындырған биіктері, ел игілігі жолындағы ерен еңбегі арқылы өскелең ұрпақтың жүрегінде мәңгі сақталып қалары сөзсіз. Марқұмның топырағы торқа, жаны жәннатта болсын!» делінген жеделхатта.

Қазір оқып жатыр

Мемлекеттік грант иегерлерінің тізімі жарияланды: 75 мыңнан астам талапкер тегін білім алады

мемлекеттік білім гранты

Ұлттық валютаны инфляция қарқынының баяулауы қолдап отыр – сарапшылар

теңге бағамы

Фельдшер Ұлдана Мырзуанның қазасына қатысты іс сотқа жолданды

Ұлдана Мырзуан

Абай облысы аумағындағы орманды өрттен қорғауға 3 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді

Семей орманы